Әбжылан шаққан әнші сахнада жан тапсырды

Фотография - Әбжылан шаққан әнші сахнада жан тапсырды

Бьюл байқаусызда әбжыланның құйрығынан басып қалып, соңғысы оны санынан шағып алады.

931 0

Әбжыландармен шоу көрсетіп танылған индонезиялық әнші Ирма Бьюл өз жыландарының құрбанына айналды. Кезекті рет өнер көрсетіп жатқанында жыландарының бірі шағып алып, 45 минуттан кейін сахна үстінде тіл тартпай кетті. Бұл туралы "Рен-ТВ" телеарнасы хабар таратты. 

Әбжылан 29 жасар әншіні ән айтып жатқан кезінде шағып алған. Соған қарамастан Ирма 45 минут бойы ән айтуын жалғастыра берді. Бьюлдің аяқ асты жағдайы нашарлап, жүрегі айнып, сіңірі тартылып жатқан сәтті көрермендер видеоға үсіріп алған.

The Daily Mail-дің хабарлауынша, оқиға Батыс Ява провинциясындағы Караванг елді мекенінде орын алды. Бьюл байқаусызда әбжыланның құйрығынан басып қалып, соңғысы оны санынан шағып алады. Әншіні көмекшілері ауруханаға дереу жеткізгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.


Қазір болған оқиғаның мән жайын жергілікті полиция анықтауға кірісті.  

Әбжыландар улы жыландардың ішіндегі ең ірісі саналады. Олардың ұзындығы 5,5 метр, салмағы 9 келіге дейін жетеді. Үндістанның оңтүстігі мен Оңтүстік-Шығыс Азияны мекендейді. Әдетте, әбжыланның бір шаққаны пілді жығады деген қағида бар.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!