Испания экзотикалық қойларды толықтай құртуды ойлауда

Фотография - Испания экзотикалық қойларды толықтай құртуды ойлауда

Испания соты Сьерра-Эспунья тауларында жайылып кеткен сақалды қойлардың көзін жою туралы шешім шығарды.

181 0

Өткен ғасырдың 70-жылдары жұрт "аңшылық сауық құрып, Африка жерінен әкелінген экзотикалық жабайы жануарды атып, қызыққа батсын" деген мақсатпен Мурсия Аймағында өсірілген еді. Бірақ, аңшылықтан саны азаюы немесе бірқалыпты тұрақты болуы тиіс болған бұл қойлар жыл өткен сайын басы артып, тым көбейіп кеткен. Бастапқыда тек 300 басқа есептелген Аңшылық парктің аумағында мыңнан астам африкалық қой жайылып, қорықты шығынға батырып жүр, деп хабарлайды espanarusa.com.

Енді бұл ашатұяқтылардың бірін де қалдырмай жою жоспарланды. Бір қызығы, сот шешімін қарапайым аңшылар емес, арнайы қызмет іске асырады. Себебі мүйізі сала құлаш бұл жануарлар көбейіп алып, адам баласына қауіп төндіре бастаған.

Сот шешімі толық орындалған соң Сьерра-Эспуньяға осы жерді бастапқыдан мекен еткен тау ешкілері қайтып әкелінеді. Африкалық қойлардың Испания жеріне жерсіндірілуін бастан құп көрмеген испан экологтары мен агрономдары бұл жаңалықты естіп, қатты қуанды.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!