Тунисте екі күнде тоғыз лаңкес тұтқындалды

Фотография - Тунисте екі күнде тоғыз лаңкес тұтқындалды

Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді

77 0

Тунистің қауіпсіздік қызметкерлері соңғы 48 сағат ішінде Монастир провинциясында жасырынып жүрген *"Ирак пен Левант лаңкестік ұйымымен" байланысы бар 9 адамды тұтқындады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда олардың төртеуі – іздеуде жүрген содырлар, ал өзгелері әлеуметтік желілер арқылы экстремистікке үгіттейтін жазбалар таратып жүргендер болып шықты. Сонымен қатар лаңкестікке қарсы операция елдің солтүстік-шығысындағы провинцияларда да жүргізілді. Мұнда Ұлттық гвардия құрамы бес адамнан тұратын содырлар мекенін анықтаған. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Алайда олардың үшеуі ғана қолға түсіп, екеуін іздеу әлі жалғасып жатыр. Айта кету керек, қазір Тунис аумағында төтенше жағдай жарияланып, кейбір провинцияларда лаңкестерге қарсы операция жүріп жатыр.

*ИСИМ - Қазақстан аумағында қызметіне тиым салынған террористік ұйым

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!