Израиль мен Ливан арасында дуал тұрғызылуда

Фотография - Израиль мен Ливан арасында дуал тұрғызылуда

Бұл – лаңкестер мен жасырынып кіретін жансыздардан қорғауға арналған шара

164 0

Израиль қорғаныс министрлігі елдегі қауіпсіздікті күшейту үшін Ливанмен жапсарлас аумағына қамал салып, бекіте бастады.

 Генерал-лейтенант Эли Давидтің айтуынша, бұл – лаңкестер мен жасырынып кіретін жансыздардан қорғауға арналған шара. Олар таулы қыраттарды қазып, тереңдігі 9-10 метр болатын жыралар жасаған. Израильдің Ливанмен арадағы шекара қауіпсіздігін былайша бекемдеуіне «Хезболла» лаңкестік ұйымы себеп. Содырлар 2006 жылы Израильге шабуыл жасап, 34 күн қақтығыс жүрген болатын. Сол кезде қос тараптан 600-ден астам адам қаза болған еді.

Хани Хатам, жергілікті тұрғын:
- Мен 35 жылдан бері осы шекара маңайында тұрамын. Соңғы кезде қауіпсіздік мәселесі жиі алаңдатады. Бірақ әскерилер қорған құрылысын бастағалы бір сенім пайда болды. Енді балаларым да, немерелерім де, өзім де қауіпсіз мекенде өмір сүретінімізге сенімдіміз.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!