Аргентинадағы жаңбырдан мыңдаған тұрғын зардап шекті

Фотография - Аргентинадағы жаңбырдан мыңдаған тұрғын зардап шекті

Тоғыз мыңнан астам адамның үйі мен дүние-мүлкіне шығын келген.

273 0

 Аргентинаның бірнеше провинциясында толассыз жауған жаңбырдан мыңдаған адам зардап шекті. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Энтре-Риос, Коррьентес және Формоса провинцияларының төтенше жағдайлар жөніндегі федералды басқармасының мәлімдеуінше, Тоғыз мыңнан астам адамның үйі мен дүние-мүлкіне шығын келген. Олардың басым көпшілігі Энтре-Риос провинциясы мен Ла-Пас қаласының тұрғындары. Аталған аймақтың халқы баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған.

Telam агенттігінің хабарлауынша, Аргентинаның ішкі істер министрлігі және өзге де ведомстволар жапа шеккендер мен шығын көлемін анықтау үшін арнайы мониторинг жүргізуді бастады.

Айта кетейік, 2015 жылдың соңына таман тасқын судың салдарынан Оңтүстік Американың бірқатар елдеріне айтарлықтай шығын келген. Мәліметтерге сәйкес, 150 мыңнан астам адамға материалдық көмек көрсетілді. Тропикалық жаңбырдың әсерінен Парагвай, Аргентина және Бразилияның көптеген елді мекендерін су шайып кеткен болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!