АҚШ-та орман өрті еселеп көбейіп барады

Фотография - АҚШ-та орман өрті еселеп көбейіп барады

АҚШ-та өткен жылы тілсіз жаудың салдарынан 4 миллион гектар жер отқа оранған.

205 0

АҚШ-тың Калифорния, Аризона, Оклахома және Канзаста штаттарында орман өртіне байланысты тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілуде. Бұл туралы 24.kz хабарлаqды.

Аталған штаттарда төтенше жағдайлар жұмылдырылғанымен, қызыл жалынды сөндіру әзірге мүмкін болмай тұр. Мәліметтерге сәйкес, желдің жылдамдығы мен құрғақ ауа райы өрттің өршуіне себеп болуда. Осыған байланысты Оклахома штатының жүздеген тұрғыны баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды.

Сондай-ақ, орман маңайындағы демалыс орындары жабылып, қыдырып келгендер қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Айта кетейік, АҚШ-та өткен жылы тілсіз жаудың салдарынан 4 миллион гектар жер отқа оранған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!