Италияның жағалау күзеті 314 босқынды құтқарды

Фотография - Италияның жағалау күзеті 314 босқынды құтқарды

Олардың арасында 51 әйел мен 107 бала бар

219 0

Көктем келісімен, теңіз арқылы Еуропаға мигранттарды тасымалдайтын кемелер қайта көбейді. Италияның жағалау күзеті Сицилия бұғазында апатқа ұшыраған 314 адамды құтқарып қалды. Олардың арасында 51 әйел мен 107 бала бар. Ауа райының бұзылуы қауіп төндірген соң, кеме экипажы құтқаруды өтініп, дабыл қаққан. Мысырдан шыққан су көлігінде осы елдің тұрғындарымен қатар, Сирия, Палестина, Ливия, Сомали және Судан азаматтары болған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!