Хосни Мүбарактың ісіне қатысты сот отырысы 3 қарашаға қалдырылды

Фотография - Хосни Мүбарактың ісіне қатысты сот отырысы 3 қарашаға қалдырылды

2012 жылы оны өлім жазасына кесу үкімі шығарылған

2824 0

Мысырдың кассациялық соты елдің бұрынғы президенті Хосни Мүбарактың ісіне қатысты сот отырысын 3 қарашаға шегерді. Өйткені, айыпталушы келмей қалған. Елдің ішкі істер министрлігі өкілдерінің хабарлауынша денсаулығы сыр берген Мүбаракты сотқа жеткізу мүмкін болмай тұр. Бұған дейінгі бірнеше сот отырысы  дәл осы себептермен кейінге қалдырылған еді. Айта кеткен жөн, Мысырдың экс-президенті 2011 жылғы революция кезінде жүздеген ереуілшінің қазасына қатысты іс бойынша айыпталып отыр. 2012 жылы оны өлім жазасына кесу үкімі шығарылған. Артынша жергілікті билік сот шешімінің күшін жойып, шенеуніктің ісін қайта қарауға бұйрық берген, деп жазды  24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!