Сирияда террорлық шабуылдан 175 адам қаза тапты

Фотография - Сирияда террорлық шабуылдан 175 адам қаза тапты

Мәліметтерге сәйкес, террорлық әрекетті ДАИШ ұйымының содырлары жасаған.

103 0

Сирияның Дамаск қаласында лаңкестердің шабуылынан 175 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

Sky News Arabia телеарнасының хабарлауынша, мерт болғандардың бәрі «Бадиа исминт» цемент зауытының қызметкерлері. Оқиға Дамаск қаласына таяу Думейр аймағындағы Абу-Шаммат елді мекенінде болған. Зауыт ішіне баса-көктеп кірген содырлар 340 жұмысшыны тұтқынға алып кеткен. Кейінірек 100 адамның аман-есен құтылып шыққаны белгілі болды.

Мәліметтерге сәйкес, террорлық әрекетті ДАИШ ұйымының содырлары жасаған.

Айта кетейік, Думейр аймағы Дамаск пен Бағдад қалалары аралығындағы жол бойында орналасқан. Экстремистер 2013 жылдың желтоқсан айында осы жерге шабуыл жасап, 100-ден астам адам мерт болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!