Африка мен Азияны жалғайтын көпір салынбақшы

Фотография - Африка мен Азияны жалғайтын көпір салынбақшы

Патша Салманның айтуынша, көпірдің салынуы бұрыннан одақтас екі мемлекет арасында сауда қатынастарының дамуына септігін тигізеді.

154 0

Қызыл теңіздің үстінен Африка мен Азияны жалғайтын алып көпір салынбақшы. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Каирге бес күндік сапармен барған Сауд Арабиясының патшасы мен Мысыр президенті Қызыл теңіздің үстімен екі елді қосатын көпір салу жөнінде келісімге қол қойды.

Патша Салманның айтуынша, көпірдің салынуы бұрыннан одақтас екі мемлекет арасында сауда қатынастарының дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ, екі мемлекет басшылары түрлі салалардағы бірлескен 15 жобаны дамытуға уағдаласты.

Айта кетейік, екі құрлықты жалғайтын аталған алып көпірді салу ұсынысы осыдан 30 жыл бұрын айтылған. Алайда, бұл жоба енді жүзеге асырылмақшы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!