Дүниежүзілік оффшорда жасырынған ақшаның көлемі жарияланды

Фотография - Дүниежүзілік оффшорда жасырынған ақшаның көлемі жарияланды

Шамамен, 21 трлн. доллардан 32 трлн. АҚШ долларына дейін ақша жасырынған.

2115 0

Қазір дүниежүзі бойынша оффшорлық шотта 21 трлн. доллардан 32 трлн. АҚШ долларына дейін ақша жасырынған. Бұл туралы europe.newsweek.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Бүгін журналист зерттеушілердің халықаралық ICIJ консорциумы қазіргі және бұрынғы мемлекет басшыларының құжаттарын зерттей келіп, олардың оффшорлық шотта  кем дегенде 21 трлн. АҚШ долларын жасырғанын анықтады. Дегенмен бұл әлі толық дерек емес. Консорциумның мәліметіне қарағанда, жасырынған ақша 32 трлн. АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін.

Осы аптада ICIJ консорциумы панамалық Mossack Fonseca компаниясының мәліметтеріне сүйеніп, бұрынғы және қазіргі мемлекет басшыларының оффшорлық шотына қатысты 11,5 млн. құжатты жариялаған болатын. Бұл материалдар құжаттарды тіркеу қызметімен айналасатын панамалық компанияның атына байланысты "Панама құжаттары" (Panama Papers) деген атауға ие болды.

Ертеректе, Оффшорлық есеп-шот иелерінің тізімі жарияланды деп жазған болатынбыз. Тізім ішінде, Ресей вице-премьері Игорь Шувалов, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен оның әйелі, қызы да бар. Осыған байланысты, ("Панамалық оффшорға" байланысты) бірқатар елде тергеу басталған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!