Әзірбайжан мен Қарабақ арасындағы жағдай ушыға түсті

Фотография - Әзірбайжан мен Қарабақ арасындағы жағдай ушыға түсті

Әзірбайжанның қарулы күштері 16 рет ірі калибрлі қарудан солтүстік-шығыста орналасқан армяндық әскери бекеттерге қарсы оқ атқан.

165 0

Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Арменияны оқ атпау туралы келісімді 120 рет бұзды деп айыптап отыр. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлайды.

Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, Арменияның қарулы күштері өз аумақтарынан және Таулы Қарабақ территориясынан да әзірбайжан позицияларына қарсы оқ атқан. Ал әзірбайжандық әскерилер оларға 121 рет оқ жаудырған.

Өз кезегінде ресми мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының қорғаныс министрлігі келісімді әзірбайжандық тарап бұзғандығын айтады. Ұрыс барысында әзірбайжандықтар 60 мм минаатқыштарды пайдаланған.

Армения қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әзірбайжанның қарулы күштері 16 рет ірі калибрлі қарудан солтүстік-шығыста орналасқан армяндық әскери бекеттерге қарсы оқ атқан.

Оқ атпау туралы келісім 5 сәуірде өз күшіне енген болатын. Қазіргі таңда тараптар арасындағы қарулы қақтығыс тыйылған. Алайда, екі жақ бірін-бірі бітімді бұзды деп айыптап отыр.

Айта кетейік, Таулы Қарабақтағы жағдай 2 сәуірде ушығып, соңы қарулы қақтығысқа ұласқан болатын. Бұл соңғы 22 жылда болған тараптар арасындағы – ірі қақтығыс.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!