АҚШ-та теңізшінің кінәсіз екені 33 жылдан соң дәлелденді

Фотография - АҚШ-та теңізшінің кінәсіз екені 33 жылдан соң дәлелденді

Вирджиния штатының соты адам өлтірді деген айыппен сотталған Кит Аллен Гарвардты босату туралы үкім шығарды.

110 0

 АҚШ-та 33 жылын темір тордың арғы жағында өткізген қылмыскердің кінәсіз екені енді дәлелденді. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Вирджиния штатының соты адам өлтірді деген айыппен сотталған Кит Аллен Гарвардты босату туралы үкім шығарды. Оның кінәсіз екендігін ДНҚ сараптамасының қорытындысы дәлелдеген.

Осыдан тура 33 жыл бұрын Гарвард Ньюпорт-Ньюс тұрғынын өлтіріп, оның әйелін қорлаған деген айыппен қамалған болатын. Өйткені, ол жәбірленушілердің үйіне жақын орналасқан АҚШ-тың әуе әскерей күштері кемесінде қызмет еткен. Полицейлер оның тістері жапа шеккен әйелдің аяғындағы тіс іздеріне сәйкес келетіндігін айтып, абақтыға жапқан.

Айта кетейік, тәртіп сақшылар аталған қылмысты 2006 жылы ұрлық үшін жазасын өтеп жүріп қайтыс болған Гарвардтың кезіндегі әріптесі жасаған болуы мүмкін деп отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!