Дэвид Кэмерон өз табысын халыққа жариялады

Фотография - Дэвид Кэмерон өз табысын халыққа жариялады

Ол мұндай қадамға әкесі Иэн Кэмероннан қалған оффшорлық компания арқылы табыс тауып, заң бұзбағанын дәлелдеу үшін барған

798 0

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон өзінің бүкіл табысы жайлы есепті халық алдында жайып салды. Ол мұндай қадамға әкесі Иэн Кэмероннан қалған оффшорлық компания арқылы табыс тауып, заң бұзбағанын дәлелдеу үшін барған. Министрлер кабинетінің басшысы бұрын ол компанияда құнды қағаздарының болғанын, алайда оларды премьер-министр қызметіне келерден бұрын сатып жібергенін айтып ақталды. Себебі бұған дейін премьер резиденциясының алдына жиналған халық  Кэмеронды заңсыз қаржы айналымын жасады деп айыптап, орнынан кетуін талап еткен болатын. Британиялықтардың бұлай көтерілуіне журналистердің "Панамалық құжаттар" атты зерттеуі әсер еткен. Айта кеткен жөн, бұған дейін "Панамалық құжаттар" төңірегіндегі дау Исландия премьер-министрінің қызметтен кетуіне себеп болған еді, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!