Украина премьер-министрі отставкаға кетпек

Фотография - Украина премьер-министрі отставкаға кетпек

Арсений Яценюк бұл шешімге келуіне бірнеше себеп ықпал еткенін айтып, үкіметтегі саяси дағдарыс қолдан жасалғанын мәлімдеді.

123 0

Арсений Яценюк отставкаға кететін болды. Премьер-министр телеарнадан жасаған үндеуінде отставкаға кету туралы ұсынысын парламентке ресми түрде 12 сәуірде енгізетінін мәлімдеді.

Ал Жоғарғы Рада депуттарының пікірінше, парламент премьер-министр Арсений Яценюктің отставкасын қабылдап, жаңа коалиция құрылатындығын сейсенбі, 12 сәуірде жариялайды. Бұл туралы "Петр Порошенко блогы" фракциясының  депутаты Сергей Каплин «112 Украина» телеарнасында тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды "РИА Новости".

"Сейсенбі күні біз тиісті шешім қабылдайтын боламыз", - деді Каплин. Арсений Яценюктің орнын басар ізбасар жөнінде пікір білдірген депутат бұл орынға «Екінші Яценюкті» қоймау қажеттігін баса атап өтті.

Өз кезегінде Арсений Яценюк бұл шешімге келуіне бірнеше себеп ықпал еткенін айтып, үкіметтегі саяси дағдарыс қолдан жасалғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Яценюк мемлекеттің тұрақтылығы үшін қолдан келгеннің барлығын жасағанын атап өтті. "Петр Порошенконың блогы" үкімет басшысы қызметіне Владимир Гройсманды ұсынып отыр. Осы жағдайда мен өз өкілеттіктерімді тапсырамын", - деп толықтырды ол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!