БАӘ-де әлемдегі ең биік ғимарат салынбақ

Фотография - БАӘ-де әлемдегі ең биік ғимарат салынбақ

Бұл мұнараға жұмсалатын қаржы шамамен 1 млрд долларды құрайды.

870 0

Әлемдегі ең биік ғимарат Бурдж-Халифадан да биік мұнараның салынатындығы туралы Emaar Properties компаниясының басқарма төрағасы Мохамед Алаббар мәлімдеді. 

Бұл мұнараға жұмсалатын қаржы шамамен 1 млрд долларды құрайды. Дегенмен әзірге ғимараттың биіктігі қандай болатыны белгісіз, деп жазады RT. Яғни осылайша Дубай өз рекордын жаңартпақ. Ішінде мейрамханалар, дүкендер мен қонақүйлер қарастырылатын бұл нысан қаланың 2020 жылдығына арналған сый болмақ. Биіктігі 828 метрді құрайтын Дубайдағы Бурдж-Халифа – әзірге әлемдегі ең биік ғимарат.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!