Пәкістанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4-ке жетті

Фотография - Пәкістанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4-ке жетті

Пәкістан билігі зілзала күші 7,1 балл болғанын хабарлаған

287 0

Оңтүстік Азия аймағында күшті жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуінің ошағы Ауғанстанның Бадахшан провинциясындағы Ашкашам қаласынан 39 шақырым қашықтықта тіркелді. Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пәкістанда зілзаладан 4 адам қаза тауып, тағы 30-ға жуығы жарақат алған. Ауғанстан мен Үндістаннан адам шығыны мен зардап шеккендер жайлы мәлімет түскен жоқ. Пәкістан билігі зілзала күші 7,1 балл болғанын хабарласа, АҚШ геологиялық қызметі жер сілкінісінің күштік қуаты 6,8 балл құрағанын хабарлайды, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!