Бүгін - Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні

Фотография - Бүгін - Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні

1968 жылдың қарашасынан бастап Халықаралық авиация федерациясының шешімімен бекітілген.

320 0

Бүгін - Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні. Бұл атаулы күн 1968 жылдың қарашасынан бастап Халықаралық авиация федерациясының шешімімен бекітілген. 

    Бұл ерекше күн қазіргі күні ғарыш пен ғылым саласында қызмет ететіндердің салтанатты күні болды. Тұңғыш ғарышкер - Юрий Алексеевич Гагарин бұл сапарға қазақ жеріндегі "Байқоңыр" ғарыш айлағынан аттанды. Байқоңыр басты ғарыш айлағына айналды, ол жерден совет кемелері, сосын ресей мен шетел кемелері ғарышқа аттанды.

    Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына енгізілген: оған дейін ешкім ашық космоста бірінші ұшу кезінде бір тәуліктен аса уақыт болған емес.

    Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 65-ші сессиясында 12 сәуірді - Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні деп жариялады. «1961 жылы 12 сәуірде адамзат ғарышқа алғаш рет ұшты, ол сапарды Юрий Гагарин - кеңес азаматы жасады. Осынау тарихи оқиға барша адамзаттың игілігі үшін ғарыш кеңістігін зерттеуге жол ашты», - делінген қарарда. Осыған байланысты БҰҰ Бас ассамблеясы 12 сәуірді - Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні деп жариялап отыр. 



    Загрузка...

    Пікір (0)

    Input is not a number!
    Input is not a email!
    Input is not a number!