Түркияда жарылыстан 47 адам зардап шекті

Фотография - Түркияда жарылыстан 47 адам зардап шекті

Хани қаласында жарылғыш зат орнатылған көлік жарылып, 1 әскери адам қаза тапты.

272 0

Түркияның Диярбакыр провинциясында содырлар ұйымдастырған жарылыстан 47 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Аталған провинцияға қарасты Хани қаласында жарылғыш зат орнатылған көлік жарылып, 1 әскери адам қаза тапты. Осыған дейін "Күрдістан жұмысшылар партиясының" лаңкестері полиция басқармасы ғимаратына шабуыл жасағаны туралы ақпарат тараған.

"Сағат 23:10-да, 11 сәуір күні лаңкестер ұйымының мүшелері полиция басқармасының ғимараты мен жатақханасында жарылыс ұйымдастырды. Салдарынан біздің қатардағы бір жауынгеріміз мерт болып, 39 сарбазымыз түрлі деңгейде жарақат алды. Сондай-ақ, қызметкерлеріміздің отбасы мүшелерінен 6 адам және еліміздің екі азаматы зардап шекті", – деп мәлімдеді Түркияның бас штабы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!