Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барды

Фотография - Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитіне қатысады.

258 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ыстамбұл қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы akorda.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы сапар барысында Ислам ынтымақтастығы ұйымының ХІІІ саммитіне қатысады. Бұдан бөлек, Түркия Президенті Реджеп Ердоғанмен, түрік холдингтері мен компанияларының басшыларымен, сондай-ақ, саммит аясында делегация жетекшілерімен кездесу өткізу жоспарланған.

13 – 14 сәуірде Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитіне қатысу үшін Түркия Республикасына барды. Саммиттің негізгі тақырыбы – "Бірлік пен ынтымақ әділдік пен бейбітшілік үшін". Сапар барысында Мемлекет басшысының Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесуі жоспарланған. Кездесу аясында Астана мен Анкара ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланатын болады. Сонымен қатар, саммит аясында делегациялар басшыларымен келіссөздер өткізу, сондай-ақ Түркияның іскер топтар өкілдерімен кездесу көзделуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!