2 күн ішінде Тунис бұғазында 4 мыңнан аса мигрант құтқарылды

Фотография - 2 күн ішінде Тунис бұғазында 4 мыңнан аса мигрант құтқарылды

Италияның жағалау күзеті жасаған мәлімдемеге сүйенсек, сейсенбі күні 2154 мигрант құтқарылған.

159 0

Италияның жағалау күзеті Тунис бұғазында екі күн ішінде 4 мыңнан аса мигрантты құтқарды. Таяуда құтқарылған мигранттар саны 1,8 мыңға жуықтаған болатын.

Италияның жағалау күзеті жасаған мәлімдемеге сүйенсек, сейсенбі күні 2154 мигрант құтқарылған. Құтқару операциясына жағалау күзетінің кемелерінен басқа Италия Әскери-теңіз күштерінің, ЕО-ның Frontex шекара агенттігінің корабльдері, сондай-ақ грекиялық сауда кемесі тартылды. Құтқарылған босқындардың қай елдің азаматтары екені нақтыланбаған, деп жазады РИА Новости.

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің мәліметінше, жыл басынан бері Италияға 17 мыңнан аса адам келген. Frontex агенттігінің ақпаратынша, былтыр Еуроодақты 1,8 млн мигрант паналаған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!