Пәкістанда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 18 адам мерт болды

Фотография - Пәкістанда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 18 адам мерт болды

Апат кезінде автобуста барлығы 50-ден астам жолаушы болған. Жараланғандар дереу ауруханаға жеткізілді.

186 0

Пәкістанның Фейсалабад (солтүстік-шығыстағы Пенджаб провинциясының әкімшілік орталығы) қаласында автобус пен жүк көлігі соқтығысты. Жол апатынан кем дегенде 18 адам ажал құшып, тағы 14-і жапа шеккен.

Апат кезінде автобуста барлығы 50-ден астам жолаушы болған. Жараланғандар дереу ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, автобус алдындағы көлікті басып озбақ болған, алайда маневр жасау кезінде қарсы бетте жүйткіп келе жатқан жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатына себепші болған автобус жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!