Ресей мен Сауд Арабиясының ортақ мәмілеге келуінен мұнай бағасы көтерілді

Фотография - Ресей мен Сауд Арабиясының ортақ мәмілеге келуінен мұнай бағасы көтерілді

Сауд Арабиясы мен Ресей өкілдері мұнай өндіруді тоқтата тұруға қатысты ортақ бір мәмілеге келді.

195 0

Ресей мен Сауд Арабиясының сейсенбі күні мұнай өндіруді тоқтата тұруға қатысты мәселеде ұстанымдарын келісуіне байланысты Brent маркалы мұнай бағасы 44 долларға дейін өсті.

"Бүгін Сауд Арабиясы мен Ресей өкілдері мұнай өндіруді тоқтата тұруға қатысты ортақ бір мәмілеге келді", - деп мәлім етті Дохадағы дипломатиялқ дереккөз.

Оның айтуынша, Эр-Риядтың соңғы шешіміне Тегеранның позициясы еш ықпалын тигізбейді, деп жазады Vedomosti.

Ресей мен Сауд Арабиясының алдын ала қол жеткізген уағдаластықтары туралы хабарлардан кейін «қара алтынның» әлемдік құны бірден көтерілді. Атап айтсақ, Мәскеу уақытымен сағат 18:35-те Brent  мұнайының маусым айындағы фьючерстері 4,12 пайызға, барреліне 44,48 долларға дейін қымбаттады. Мұндай өсім былтырғы қарашадан бері алғаш рет тіркеліп отыр. Ал WTI мұнайының мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы 1,78 пайызға көтеріліп, барреліне 41,08 долларға жетті.

Бұған дейін Сауд Арабиясы ОПЕК-ке мүше елдерге мұнай өндіру көлемін осы жылдың қаңтарындағы деңгеймен қалдыруды ұсынған болатын. Алайда Иран өндіру көлемін санкцияға дейінгі деңгейге жеткізгеннен кейін ғана бұл бастамаға қосылатынын мәлімдеді.

17 сәуір күні ОПЕК-ке мүше және мүше емес мұнай өндіруші елдер өкілдері Дохада бас қосады. Иран мен Ливиядан басқа ОПЕК-тің барлық мүшесі кездесуге қатысатынын растады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!