Оңтүстік Кореяда парламенттік сайлау басталды

Фотография - Оңтүстік Кореяда парламенттік сайлау басталды

Мұнда барлығы 300 мандатқа 944 үміткер таласады

81 0

Оңтүстік Кореяда жалғыз палаталы заң шығарушы орган депутаттарын сайлау басталды. Мұнда барлығы 300 мандатқа 944 үміткер таласады. Олардың 253-і мажоритарлық сайлау принциптері бойынша, ал 47-сі пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша халық қалаулысы атанады. Азаматтар өз таңдауын емін-еркін жасауы үшін ел бойынша 13 мың сайлау бөлімшесі ұйымдастырылған. Сарапшылар 22-23 наурыздағы сауалнама бойынша бұл жолғы негізгі тартыс "Сэнури", "Тобуро" және Халық партияларының арасында өтетінін айтып отыр. Ал саясаттанушылар "бұл науқанда да осыған дейін заң шығарушы органды басқарып келген "Сэнури" партиясы жеңіске жетеді", - дейді.

 Айта кету керек, Оңтүстік Кореяда депутаттар 4 жыл мерзімге сайланады. Биылғы сайлау жалпы санақ бойынша 20-рет өткізіліп отыр. Осыған байланысты елде жұмыс күні бола тұра, бір күнді жалпыұлттық демалыс күні деп жариялаған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!