Ливия жағалау қызметі 649 заңсыз босқынды тұтқындады

Фотография - Ливия жағалау қызметі 649 заңсыз босқынды тұтқындады

Айтуларынша, босқындар 6 үрлемелі қайыққа бөлініп мінген

83 0

Ливия жағалау қызметі Жерорта теңізі арқылы Еуропаға заңсыз өтпек болған 649 мигрантты тұтқындады. Айтуларынша, босқындар 6 үрлемелі қайыққа бөлініп мінген. Дені Мали, Ливия, Нигерия, Кения және Сенегал азаматтары. Араларында 12 әйел мен бес бүлдіршін бар. Жергілікті билік соңғы күндері Африкадан Еуропаға барғысы келетін мигранттар үшін Ливия негізгі өткелге айналғанын айтады. Салдарынан аймақта заңсыз құжат дайындап, адам тасымалымен айналысатын қылмыстық топтар пайда болған. Айта кету керек, бірер күн бұрын дәл осы елдің жағалау қызметі Триполи қаласының шығыс жағалауынан 115 мигрантты құтқарған болатын, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!