Қырғызстанда премьер-министр тағайындалды

Фотография - Қырғызстанда премьер-министр тағайындалды

Қырғызстан жоғарғы кеңесінің төрағасы ағасының премьерлікке ұсынылуына байланысты өз лауазымынан бас тартты.

96 0

Қырғызстан Жоғарғы кеңесінің төрағасы ағасының премьерлікке ұсынылуына байланысты өз лауазымынан бас тартты, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

Қырғыз елінің Жоғарғы кеңес төрағасы Асылбек Жээнбеков өз лауазымын тоқтататыны туралы мәлімдеме жасады. Парламент жетекшісі бұл шешімін туған ағасы Соорынбай Жээнбековтың Премьер-министр лауазымына ұсынылуымен байланыстырып отыр.

"Президенттің сенім білдіруімен және депутаттардың қолдауымен мен екі мәрте парламент спикерлігіне сайландым. Менің туған ағамның кандидатурасы премьер-министр лауазымына қарастырылуына байланысты өз еркіммен Жоғарғы кеңес төрағалығынан бас тартамын", - дейді А. Жээнбеков.

Фото -

Енді Жоғарғы кеңес депутаттары жаңа премьердің кандидатурасын бекітумен қатар, парламенттің жаңа төрағасын да анықтайтын болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!