Македония шегарасында босқындар мен полиция арасында қақтығыс болды

Фотография - Македония шегарасында босқындар мен полиция арасында қақтығыс болды

Бұл жолы босқындар екі ел арасындағы қоршауды бұзып өтпек болған.

82 0

Грекияның Македониямен арадағы шекарасында мигранттар тағы да полициямен қақтығысты. Бұл жолы босқындар екі ел арасындағы қоршауды бұзып өтпек болған.

Тәртіп сақшылары оларға қарсы жарық-шу гранаталары мен көзден жас ағызатын газ қолданыпты. Өткен аптада аймақта осыған ұқсас жағдай болған еді. Мигранттар мен күштік құрылым өкілдері арасындағы ол текетірес кезінде 260 адам жараланған. Айта кеткен жөн, бұған дейін Македония Эллада елімен арадағы шекарасын жапқаннан бері, Идомени лагеріне 10 мыңға жуық босқын жиналып қалған.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!