Жапонияда зілзала құрбандарының саны артты

Фотография - Жапонияда зілзала құрбандарының саны артты

Жарақат алғандардың саны мыңға жуықтады

176 0

Жапонияда зілзала құрбандарының саны соңғы мәлімет бойынша 9 адамға жеткен. Жарақат алғандардың саны мыңға жуықтады. Дәрігерлер олардың 50-ден астамының халі мүшкіл деп отыр. Естеріңізде болса, кеше Кюсю аралындағы Кумамото префектурасында 6,5 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан 44 мың адам баспанасын тастап, қауіпсіз орындарға эвакуацияланды. 14 мың тұрғын жарықсыз, тағы 20 мың отбасы сусыз қалды. Зілзаладан кейін 100-ден астам жерасты дүмпуі тіркеліпті, деп жазды 24.kz.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!