Еуроодақ елдеріне 20 мың экономикалық мигрант барды

Фотография - Еуроодақ елдеріне 20 мың экономикалық мигрант барды

Олардың дені Жерорта теңізі арқылы келген

190 0

Биыл Еуроодақ елдеріне 20 мың экономикалық мигрант бас сауғалаған, деп жазды 24.kz.

Олардың дені Жерорта теңізі арқылы келген. Бұл туралы Еуропарламенттің Страсбургте өткен отырысы кезінде Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск хабарлады. Саясаткердің айтуынша, босқындар мұнда Ливия, Италия мен Мальта елдері арқылы жетеді. 

 - Кәрі құрлыққа ағылған экономикалық мигранттардың саны артып келеді. Олардың арасында сириялықтар жоқ. Бұл азаматтардың дені Нигерия, Сомали, Гамбия, Гвинея, Кот-д`Ивуар секілді африкалық елдердің азаматтары. Осы ретте Италия мен Мальтаға көмек қажет болса, біз қол ұшын созуға дайынбыз, -  дейді Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск.

 Жалпы, өткен жылы Еуроодақ елдеріне 1 млн 800 мың мигрант келген екен. Олар алдымен Түркияға, артынша Грекия арқылы кәрі құрлықтың өзге мемлекеттеріне өтіпті.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!