Германияда босқын балаларды сириялық мұғалімдер оқытатын болады

Фотография - Германияда босқын балаларды сириялық мұғалімдер оқытатын болады

Германияға келген сириялық босқындардың балаларын сириялық мұғалімдер оқытады.

154 0

 Немістің Потсдам университеті осындай бағдарламаны іске қосқан. Бұл елге бас сауғалаған мигранттарды жұмыспен қамтып, балалардың неміс қоғамына тез бейімделуіне септігін тигізуі тиіс. 

Бұл – Потсдам университетіндегі жаңа курстың қатысушылары. Ашылғанына апта болды. Дені – сириялық мигранттар. Бірнеше айдан кейін олар жергілікті мектептерде босқынбалаларға сабақ береді. Туған жерінен тепкі көрген жеткіншектер осында оқып, жат елге сіңісіп кетуіне жағдай жасау деп түсіндіреді бастама авторлары.

Мирьям Вок, Потсдам университетінің профессоры:
 - Қатысуға өтініш білдіргендер көп болды. Ең үздіктерін таңдадық. Мұғалімдерді неміс мектебіндегі оқыту үрдісімен таныстырамыз. Сондай-ақ біз үшін өзге елдің мәдениетін танып-білуге үлкен мүмкндік туып отыр.

 Потсдам университетінің байқауына 700-ге жуық адам өтініш білдіріпті. Алайда тек 25-і ғана курсқа қабылданған. Солардың бірі – Алепподан келген 23 жастағы ағылшын тілінің мұғалімі Алаа Кассаб.

Алаа Кассаб, сириялық босқын:
 - Бұл жобаның аясында біз жергілікті әріптестерімізге неміс тілін білмейтін балаларды жақсырақ түсініп, оларды оқытуға көмектесетін боламыз. Сондай-ақ қаншама қиыншылықты көріп өскен кішкентай отандастарымызға да пайдамыз тисе дейміз.

Университетте жазда тағы екі курс ұйымдастырылмақ. Қатысушылардың санын 70 адамға жеткізу жоспарда бар. Алдағы уақытта олардың саны тек арта бермек дейді жоба авторлары. Өйткені бұған дейін Германия билігі мигранттарды қоғамға интеграциялау туралы жаңа заңды ұсынды. Ол босқындарды неміс тілін үйреніп, осы елдің мәдениетімен танысуға міндеттейді. Бұл талаптардан

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!