Иранда сел жүріп, мыңдаған адам зардап шекті

Фотография - Иранда сел жүріп, мыңдаған адам зардап шекті

Иранның 12 провинциясындағы 126 қалада сел жүрген.

384 0

Иранда бірнеше күннен бері шелектеп құйып тұрған нөсер жауынның салдарынан сел жүріп, қалалар мен елді мекендер су астында қалды.

Қазір табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен 5 мыңнан аса адамға қажетті көмек көрсетілді. Бұл туралы Қызыл жарты ай қоғамының ирандық бөлімшесінің хатшысы Мостафа Мортазави мәлімдеді.

Иранның 12 провинциясындағы 126 қалада сел жүрген. Мортавази Карун өзенінде су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті, деп жазады РИА Новости.

Оның айтуынша, құтқару қызметінің жұмысшылары табиғи апаттан жапа шеккендерге көмек көретуге толығымен дайын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!