Жапонияда зілзаладан 900 адам зардап шекті

Фотография - Жапонияда зілзаладан 900 адам зардап шекті

Дәрігерлер сондай-ақ, 50 адамның жағдайы мүшкіл екенін мәлімдеді.

295 0

Жапонияның оңтүстігіндегі Кюсю аралында болған зілзаладан 9 адам мерт болып, 900-ден астамы түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

Осыған дейін табиғат апатынан 3 адамның мерт болып, 50-ге жуық тұрғынның жарақат алғаны жөнінде ақпарат тараған. Дәрігерлер сондай-ақ, 50 адамның жағдайы мүшкіл екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, 14 сәуір күні жер сілкінісінің алғашқы толқыны жергілікті уақыт бойынша, 09:30-да тіркелген. Осыдан кейін араға бес минут салып бірнеше дүмпу қатарынан болған. Мәліметтерге сәйкес, барлығы 17 рет сілкінген.

Қазір Кюсю аралында көлік қозғалысы тоқтатылды. Магнитудасы 6,5 баллға дейін жеткен зілзаладан тас жолдарда жарықша пайда болып, ғимараттар қираған. Ал Кумамото қаласында 30 мың адам баспанасын тастап, қауіпсіз аймақты паналауына мәжбүр болды. Мамандардың болжамынша, жер сілкінісі әлі бір аптаға дейін созылуы мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!