Йемендегі қақтығыстардан 6400 адам көз жұмған

Фотография - Йемендегі қақтығыстардан 6400 адам көз жұмған

Жараланғандар саны 30 мыңнан асады.

151 0

Йеменде соңғы жылдарда жүргізілген қарулы қақтығыстардан 6400 адам ажал құшқан. Жараланғандар саны 30 мыңнан асады.

Ал 2 миллион 800 мыңға жуық тұрғын отанын тастап, бас сауғалап кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының көмекшісі мәлімдеді. Оның айтуынша қазіргі таңда елде 14 миллионнан астам адам медициналық көмекке мұқтаж. Себебі, емханалардың дені қираған немесе жұмысын тоқтатқан. БҰҰ жанындағы балалар қорының мәліметі бойынша Йеменде жыл сайын 5 жасқа толмаған 10 мың бүлдіршін дертіне дауа таппай қаза табады.

 Айта кетейік, ел президенті Мансур Хадидің жақтастары мен бүлікші хуситтер арасындағы қақтығыстар 2014 жылдың тамызынан бері жалғасып келеді. Былтыр наурызда бүлікші топты тоқтату үшін президенттің сұрауымен қақтығысқа Сауд Арабиясы басқаратын колацияның әуе күштері қосылды. Ал 10 сәуірде елде оқ атпау режимі енгізілді. Енді 18 сәуірден бастап үкімет пен бүлікші топ арасында келіссөздер басталмақ.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!