Сирияда сайлауға дауыс берушілердің 57,56%-ы қатысты

Фотография - Сирияда сайлауға дауыс берушілердің 57,56%-ы қатысты

Бұл туралы сайлау жөніндегі жоғарғы сот комитетінің өкілдері жариялап отыр

1270 0

Сирияда парламенттік сайлауға дауыс берушілердің 57,56 пайызы қатысқан. Бұл туралы сайлау жөніндегі жоғарғы сот комитетінің өкілдері жариялап отыр. Саяси дода 13 сәуірде өткен болатын. Парламенттегі 250 орынға 3,5 мыңнан астам үміткер таласқан. Дауыс беру құқығына 8 млн 800 мың адам ие болды. Сайлау бөлімшелері елдің 15 провинциясының 13-інде ашылған. Өйткені, лаңкестердің бақылауындағы Идлиб және Раккада ондай жағдай жасау мүмкін болмады, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!