Эквадорда зілзаладан көз жұмғандар саны 262 адамға жетті

Фотография - Эквадорда зілзаладан көз жұмғандар саны 262 адамға жетті

2,5 мыңнан астамының зардап шеккен.

181 0

Эквадордағы жойқын зілсала салдарынан қаза тапқандар саны 262 адамға жетті. Бұған дейін 246 адамның ажал құшып, 2,5 мыңнан астамының зардап шеккені хабарланған болатын. Мерт болғандар арасында Канаданың екі азаматы мен бір колумбиялық бар. Бұл туралы елдің ішкі істер министрінің орынбасары Диего Фуэнтес мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазір Эквадорда төтенше жағдай жарияланды. Табиғаттың тосын мінезінен астан-кестені шыққан Эквадорға БҰҰ қол ұшын созды, ДДСҰ дәрігерлерін аттандырды.

Caracol колумбиялық радиосының ақпаратынша, ел президенті Рафаэль Корреа кеше кешке жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен Манта қаласына келді. Қазір бұл қалада үйінді астында қалған адамдарды шығару жұмыстары жалғасып жатыр.

Педерналес қаласында да жағдай мәз емес, бұл шаһарда жерасты дүмпулерінен ғимараттардың 80 пайызы жермен-жексен болған. Equinoccio радиосы таратқандай, табиғи апаттан көп қабатты қонақ үйлер, мейрамханалар мен тұрғын үйлер опырылып құлаған.

Естеріңізге салып өтсек, сенбі күні кешке Эквадор жағалауында магнитудасы 7,8 жер сілкінісі тіркелген еді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!