Қытайда өлім жазасы тағайындалатын пара алудың соммасын бекітті

Фотография - Қытайда өлім жазасы тағайындалатын пара алудың соммасын бекітті

Қытайдың Жоғарғы халық соты мен Жоғарғы халық прокуратурасы бірлескен жарлықты жария етті

459 0

Қытайдың Жоғарғы халық соты мен Жоғарғы халық прокуратурасы бірлескен жарлықты жария етті. Онда өлім жазасы қолданылатын параның көлемі көрсетілген.

 Аталған құжатқа сәйкес, 460 мың доллардан артық пара алған жемқорлар өлім жазасына кесіледі. «3 миллион юаньнан (460 мың доллар) артық пара алған немесе осы соммада қаржы жымқырған қылмыскерлер үшін өлім жазасы қолданылады», - делінген бірлескен жарлықта.

Айта кеткен жөн, Қытайдағы жемқорлықпен жаппай күрес шаралары 2012 жылы билікке ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің келуімен басталған болатын. Содан бері мыңдаған шенеуніктер сыбайлас жемқорлық пен партиялық тәртіпті бұзғаны үшін жазаға тартылды. Биыл тек қаңтар айында ғана 5459 шенеунікке айып тағылды.

Әлем бойынша Қытайда өлім жазасы жиі қолданылады. Аталған жаза ату немесе өлімге апартын инъекция арқылы іске асырылады. Бейресми ақпаратқа сәйкес, ҚХР-да жыл сайын бес мыңға жуық адам өлім жазасына кесіледі. Олардың басым бөлігі - есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін сотталғандар. Дегенмен, соңғы кезде сыбайлас жемқорлық үшін өлім жазасына кесілгендер көбейді.


Вaq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!