Солтүстік Корея бесінші ядролық сынағын өткізбек

Фотография - Солтүстік Корея бесінші ядролық сынағын өткізбек

БҰҰ Солтүстік Кореяның ядролық сынағын қатаң сынға алып, бірқатар санкция енгізген.

501 0

КХДР мамыр айында бесінші ядролық сынағын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ТАСС Оңтүстік Корея үкіметіне сілтеме жасап.

"Барлау қызметі соңғы күндері Пхёнан-Пукто провинциясындағы ядролық полигонында құрылыс және әскери техникалардың қызу жұмыстар жүргізіп жатқанын анықтаған. Біздің ойымызша, бұл ядролық сынақты жасау алдындағы дайындық жұмыстары болуы мүмкін", - дейді Оңтүстік Корея үкіметінің ресми өкілі.

Бұл ядролық сынақ Корея Жұмысшылар партиясының мамырда өткізілетін съезд құрметіне ұйымдастырылып отыр.

"Осыдан кейін Солтүстік Корея сынақтың сәтті өткендігін хабарлайды. Ықшамдалып жасалған ядролық жаңа оқтұмсықтар сынақтан кейін, КХДР-дың ядролық қаруының қатарын толтырады", - дейді басылым.

Оңтүстік Кореяның Ұлттық қауіпсіздік министрлігі бүгін КХДР баллистикалық зымырандарға арналған термоядролық оқтұмсықтарды сынақтан өткізетіндігін хабарлап отыр.

"Соңғы болған жайларды ескерсек, Солтүстік Корея баллистикалық ракетаға орнатылған құрылғыны сынақтан (ядролық немесе термоядролық) өткізеді", - дейді қарулы күштер ведомствосының өкілі Мун Сан Гюн.

Ол КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын өткен жылы ықшамдалған ядролық оқтұмсықтарды тез жасап шығаруға тапсырма бергендігін атап өтті.

Айта кетейік, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Комитеті биыл 2 мамырда бірауыздан 2270 резолюциясын қабылдаған болатын. Осылайша, БҰҰ Солтүстік Кореяның ядролық сынағын қатаң сынға алып, бірқатар санкция енгізген.

Оңтүстік Кореяның Ішкі сауда-саттық қауымдастықтың деректеріне сүйенсек, санкциялар нәтижесінде КХДР-ның экспорт көлемі екі есеге төмендеген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!