Джонни Дептің әйелі түрмеден аман қалды

Фотография - Джонни Дептің әйелі түрмеден аман қалды

29 жастағы актриса Пистол мен Бу есімді иттеріне қатысты құжаттарды толтыру кезінде жалған мәлімет бергенін мойындады.

171 0

Австралия соты иттердің заңсыз котрабандасы бойынша айыпталған голливуд жұлдызы Джонни Депптің әйелі Эмбер Хердтің атына тағылған айыпты алып тастады. Херд иммигрант картасын толтыру кезінде алдамақ болғанын толық мойындады. 

Нақтырақ айтқанда, 29 жастағы актриса Пистол мен Бу есімді иттеріне қатысты құжаттарды толтыру кезінде жалған мәлімет бергенін мойындады. 

Квинслендте өткен сотқа актер Джонни Депптің өзі де қатысты. Херд өз кінәсін мойындауының арқасында Депптен сот отырысында жауап алынбады.

Енді Хердтің адвокаты актрисаның өзі жасаған кінәсін толық мойындап, Австралияның санитарлық бақылау туралы заңын бұзғанына өкінетінін және оны құрметтейтінін жеткізген видеоны жарияламақшы.

Хердке йоркшир терьерлерінің контрабандасына қатысты екі эпизод бойынша айып тағылды.

Херд елдің заңына сай екі апталық карантинді күтпей, үй жануарларын жеке ұшағымен алып кірген.

Контрабанда жасағаны үшін жұлдызға 102 мың доллар айыппұл төлеп, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалар еді.

Австралия билігі сондай-ақ АҚШ-қа дер кезінде қайтарылмаса, иттерді улап өлтіру жасазы қолданылатынын ескертті. 
"Егер біз, тіпті неше жерден әлемнің ең сұлу азаматы бола да, елімізге жан-жануармен емін-еркін келіп-кетуге рұқсат етсек, қалған азамттарға да не себепті рұқсат бермеске", - деді Австралияның ауылшаруашылық министрі.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!