Латвия "кеңестік басқыншылықтан" тартқан зардабын 185 млрд еуроға бағалады

Фотография - Латвия "кеңестік басқыншылықтан" тартқан зардабын 185 млрд еуроға бағалады

Осы жылдың ақпанында Ресейдің вице-премьері Дмитрий Рогозин Балтия елдерінің "кеңестік басқыншылық" үшін өтемақы алу туралы ниетін естіген.

424 0

Латвия "басқыншылық" кезінде Кеңес Одағының ел экономикасына келтірген шығыны 185 млрд еуроны құрайтынын мәлім етті. Мұндай мәліметтермен шығындарды есептеу үшін құрылған арайы комиссия өкілі Рута Паздере бөлісті. Бұл туралы дүйсенбі күні 18 сәуірде Delfi басылымы LETA-ға сілтеме жасап хабарлады. 

Одан бөлек, Паздеренің айтуынша, кеңестік әскердің басқыншылық әрекетінен елдің демографиялық ахуалына (Латвия жұртшылығының Ресей мен Батысқа қоныс аударуы) келтірілген шығын миллиардтаған еуро құрайтынын атап өтті. Қоршаған ортаға келтірілген залал құны да осы шамалас. Есеп қорытындысын комиссия өкілі Ригада республиканың КСРО құрамындағы өміріне арналған кітаптың тұсаукесерінде жария етті.

КСРО әрекеттерінің салдарынан Латвияға келтірілген шығындарды есептеу комиссиясы 2005 жылы құрылды. 2009-2013 жылдар аралығында қаржыландырудың жоқтығынан жұмысы уақытша тоқтатты.

Осы жылдың ақпанында Ресейдің вице-премьері Дмитрий Рогозин Балтия елдерінің "кеңестік басқыншылық" үшін өтемақы алу туралы ниетін естіп, оларға "өлі есектің құлағы да бұйырмайтынын" ашық жеткізді.

Латвия КСРО құрамына 1940 жылы кірді. Онда кеңестік үкімет жергілікті үкіметті отставкаға жіберіп, ел аумағына Қызыл әскер енгізгеннен кейін Халықтық сейм Латвияны кеңестік республика етіп жариялады. Рига сол жылдардағы оқиғаларды басқыншылыққа теңеп отыр, ал Мәскеу өз әрекетін халықаралық талаптарға сай жүргенін айтып ақталуда. Латвия КСРО құрамында 1991 дылға дейін болды. Қазірде осы елде 566 мың орыс тұрып жатыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!