Техаста нөсер жауын 5 адамның ажалына себеп болды

Фотография - Техаста нөсер жауын 5 адамның ажалына себеп болды

Осыған байланысты штат губернаторы қалада төтенше жағдай жариялады

226 0

АҚШ-тың Техас штатында толассыз жауынның соңы тасқынға ұласты. Соңғы мәліметтерге қарағанда 5 адам қаза тапқан. Осыған байланысты штат губернаторы қалада төтенше жағдай жариялады. Арнасынан асқан өзен суы мыңнан астам үйді басып қалған. 70 мың тұрғын жарықтан ажыратылып, 1200 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді. Жергілікті арналар кейбір аудандарда судың биіктігі 12 метрге дейін көтерілгенін хабарлады. Билік тұрғындарға көлікпен жүрмеуге кеңес беріп жатыр. Өйткені қаза тапқандардың бірі ағын судан пайда болған жыраға түсіп, қаза тапқан. Төтенше жағдайға байланысты қаладан ұшатын әуе рейстері де кейінге шегерілді, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!