Кабулда АҚШ елшілігінің жанында жарылыс болды

Фотография - Кабулда АҚШ елшілігінің жанында жарылыс болды

Ауғанстан астанасындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 200 адамнан асты, бірнешеуі көз жұмған.

229 0

Ауғанстан астанасының орталығында, АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды. Алдын ала деректерге сүйенсек, шабуыл үшін жауапкершілікті "Талибан" радикалды қозғалысы өз мойнына алып отыр.

Ауғанстан астанасындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 200 адамнан асты, бірнешеуі көз жұмған, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін TOLO News жергілікті телеарнасы 198 адамның жапа шеккенін хабарлаған болатын. Ауғандық Пажвак агенттігінің мәліметінше, алты адам қаза тапты.

АҚШ елшілігінің жанында НАТО-ның Ауғанстандағы миссиясының штаб-пәтері орналасқан. Ауғанстан ІІМ ресми өкілі Седдик Седдики жарылғыш затты жанкешті лаңкестің іске қосқанын мәлімдеді.

Соңғы айларда Ауғанстандағы ахуал едәуір нашарлап кетті. Бұған қоса ел аумағында "Ислам мемлекеті" радикалды тобының ықпалы артқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!