Еурокомиссия Грекияға 83 млн еуро бөледі

Фотография - Еурокомиссия Грекияға 83 млн еуро бөледі

Бұл ақша ондаған мың мигрантты алғашқы дәрігерлік көмек, азық-түлікпен қамтамасыз етуге және уақытша тұрақтау орындарын салуға жұмсалады

119 0

Еурокомиссия Грекияға босқындардың өмір жағдайын жақсарту үшін 83 миллион еуро бөледі. Бұл туралы мекеменің сайтында хабарланған. Қаржы гуманитарлық ұйымдардың есеп-шотына аударылмақ. Бұл ақша ондаған мың мигрантты алғашқы дәрігерлік көмек, азық-түлікпен қамтамасыз етуге және  уақытша тұрақтау орындарын салуға жұмсалады. Негізі 2018 жылға дейін Грекияға босқындарды қолдау мақсатында барлығы 700 миллион еуро бөлу көзделген. Осының алдында елдің Сыртқы істер министрлігі мигранттарға кеткен шығын 2 миллиард еуроны құрады деп мәлімдеген еді, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!