Эквадордағы жер сілкінісі 525 адамның өмірін қиды

Фотография - Эквадордағы жер сілкінісі 525 адамның өмірін қиды

5,9 балдық зілзала Манаби провинциясында тіркелген

306 0

Эквадорда тағы да жер сілкінді. 5,9 балдық зілзала Манаби провинциясында тіркелген. Әзірге құрбандар мен жапа шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Естеріңізде болса, өткен аптада дәл осы өңірде 7,8 балдық жойқын жер сілкінісі болған еді. Соңғы мәліметтер бойынша 525 адам қаза тапқан. Қаралы тізімде 11 шетелдік бар. Жараланғандардың саны 4 мыңнан асады. Жүздеген тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Жергілікті билік табиғи апаттан келген шығын көлемі 3 миллиард долларға жеткенін хабарлады. Қазір аса қажетті заттарға 160 миллион АҚШ долларын бөлді. Ал 13 мемлекет Эквадорға гуманитарлық көмек жөнелтіп, жер сілкінісі салдарын жою үшін мамандарын аттандырған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!