Marvel-дің телеқаһармандары бір кроссоверге біріктіріледі

Фотография - Marvel-дің телеқаһармандары бір кроссоверге біріктіріледі

Marvel-дің "аса танымал емес" қаһармандары туралы сериалдар шығаруға келісім жасалған еді.

212 0

Marvel мен Netflix компаниялары арасында Marvel-дің "аса танымал емес" қаһармандары туралы сериалдар шығаруға келісім жасалған еді. Соның нәтижесінде, Басбұзар (Daredevil) мен Джессика Джонс (Jessica Jones) туралы сериалдар жарық көрді. Сондай-ақ биыл Люк Кейдж (Luke Cage), ал 2017 жылы Темір жұдырық (Iron Fist) жайында тележобалар жарық көреді. 

Енді осы төрт қаһарманды біріктіріп, "Қорғаушылар" ("The Defenders") деген кроссовер-сериал жасау жоспарланып отыр. Телешоу 2017 жылдан бастап көрсетіледі деп айтылуда. Жоғарыда аталған төрт сериалда суперқаһармандарды сомдаған актерлер өз рөлдеріне қайтып оралады: Майк Колтер (Люк Кейдж), Кристен Риттер (Джессика Джонс), Финн Джонс (Темір жұдырық), Чарли Кокс (Басбұзар).

kinostan.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!