Мексикада мұнай зауытында жойқын жарылыс болды

Фотография - Мексикада мұнай зауытында жойқын жарылыс болды

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, үш адам қаза тауып, қырықтан астамы зардап шеккен.

413 0

Мексикада мұнай өңдеу зауытында жарылыс болып, соңы алапат өртке ұласты. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, үш адам қаза тауып, қырықтан астамы зардап шеккен.

Төтенше жағдай Коацакоалькос қаласының портында, Pemex мемлекеттік мұнай компаниясына тиесілі нысанда орын алды, деп хабарлайды ВВС.

Pemex жарылыс салдарынан үш адамның жараланғанын ресми түрде растады. Кейін Reuters агенттігі ресми дереккөзге сілтеме жасап, кем дегенде үш адамның ажал құшқанын, зардап шеккендер саны 45-тен асқанын жазды.

Жарылыс себебі әзірге белгісіз, зауыт отқа оранды: аспанға көтерілген қою қара түтін бірнеше шақырым жерден анық көрінеді. Апат ауданынан жүздеген адам эвакуацияланған.

Pemex компаниясының өкілдері оқыс оқиғаға қарамастан жанар-жағармай кідіріссіз, уақытында жеткізіледі деп сендіріп отыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!