Intel компаниясы он мыңнан астам қызметкерін жұмыстан босатпақ

Фотография - Intel компаниясы он мыңнан астам қызметкерін жұмыстан босатпақ

Компания 2014 жылы 5 мыңға жуық адамды жұмыстан қысқартқан.

366 0

20 сәуір. Белгілі Intel компаниясы қызметкерлерінің 11 пайызын, яғни 12 мың адамды қысқартады. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Компания басшылығы өткен сейсенбі күні алғашқы тоқсандағы сатылымның тым аз болғандығын әрі қызметкерлер санын қысқарту ауыр болғанымен, осындай қадамға баруға мәжбүр екендігін мәлімдеді. Intel алдағы уақытта компьютердің маңызды чип құрылғысынан бөлек өзге де тауарларды өндірумен айналысады.

Ал Associated Press агенттігі бұл корпорацияның 2014 жылы 5 мыңға жуық адамды жұмыстан қысқартқанын хабарлады.

Айта кетейік, Intel 1968 жылы құрылған. Кең көлемді электронды қондырғылар шығарушы және компьютерлік компоненттерді, микропроцессорларды, логикалық система жинақтарын өндіреді. Штаб-пәтері АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Санта-Клара қаласында орналасқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!