Жерорта теңізіне 500 босқын батып кетті

Фотография - Жерорта теңізіне 500 босқын батып кетті

Ол кезде Сомали билігі марқұмдардың арасында 200 отандасы бар екенін мәлімдеген

152 0

Өткен аптада Жерорта теңізінде суға батып кеткен қайықта 500 босқын болған, деп жазды 24.kz. 

Бұл туралы сол қайғылы жағдайдан аман қалғандар айтып берді. Ол кезде Сомали билігі марқұмдардың арасында 200 отандасы бар екенін мәлімдеген. Куәгерлер ашық теңізге шыққан заңсыз контрабандистер адамдарды бір кемеден екінші, яғни көлемі үлкендеуіне ауыстырмақ болған. Лық толы кеме артық салмақты көтере алмай, аударылып кеткен. Ал үлкен кемеге ауысып үлгермеген 41 адам аман қалған. Олар өздерін сауда кемесі тауып алғанға дейін 3 күн бойы ашық теңізде қалған.

 Уильям Спиндлер, БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссаряттың ресми өкілі: - Жантүршігерлік жағдай жағаны ұстатып, аза бойымды қаза қылды. Егер осы мәліметтер дәлелденсе, осы жылдағы ең сұмдық оқиға болмақ. Бұған дейін де 760 адам батып кеткен болатын. Жағдай күннен-күнге ушығып барады. Енді босқындардың Еуропаға заңды түрде өтуіне жол ашатын амал тауып, баспана берудің тың тәсілін қарастыру қажет.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!