Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 90 жасқа толды

Фотография - Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 90 жасқа толды

Небәрі 25 жасында таққа отырған монарх Корольдікті 64 жылдан бері басқарып келеді

285 0

Бүгін Ұлыбритания патшайымы Елизаветта екінші 90 жасқа толды. Ол 1926 жылы 21 сәуірде дүниеге келген. Небәрі 25 жасында таққа отырған монарх Корольдікті 64 жылдан бері басқарып келеді. Өткен қыркүйек айында ол бұған дейін тақта ең ұзақ отырған әжесі Виктория патшайымның рекордын жаңартып, Британия тарихындағы ең ұзақ басқарған монарх атанды. 1952 жылы Корольдіктің тәжін киген өрімдей қыз Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка, Пәкістан мен Цейлон елдерінің патшайымы болған. Осы уақыт ішінде ол Британияның 12 премьер-министрімен жұмыс жасаған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!