Ауғанстанның экс-президенті Хамид Карзай лаңкестікке саясаткерлерді айыптады

Фотография - Ауғанстанның экс-президенті Хамид Карзай лаңкестікке саясаткерлерді айыптады

Кезінде Хамид Карзай Ауғанстанның президенті ретінде әлемнің ең зиялы мемлекет басшысы атанған болатын.

172 0

Ауғанстанның бұрынғы басшысы Хамид Карзай Еуразиялық медиа форумда сөйлеген сөзінде әлемнің түкпір-түкпірінде ара-тұра бас қылтитып, жүздеген, мыңдаған адамның өмірін қиып жатқан террористік әрекеттерге саясаткерлердің кінәлі екенін атап өтті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Ол форумда терроризм проблемасына тоқталып, оның әлемдік қауіпсіздік жүйесіне қауіп төндіріп жатқанын айтты. "Қазіргі таңда терроризм дүниежүзі бойынша бұрын-соңды болмаған өзекті проблемаға айналды. Ешкім, ешқандай ел лаңкестердің шабуылынан сақтанып отырған жоқ. Мен өзім ел басқарған адам ретінде терроризмнің жапай етек алуына саясаткерлердің кінәсі бар дегім келеді. Өйткені, олар террористерді барлық жағынан қолдап отыр", - деді ол.

Кезінде Хамид Карзай Ауғанстанның президенті ретінде әлемнің ең зиялы мемлекет басшысы атанған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!