Танымал режиссер Гай Хэмилтон қайтыс болды

Фотография - Танымал режиссер Гай Хэмилтон қайтыс болды

Ол көпшілікке James Bond киносы арқылы танылған.

152 0

Британиялық танымал режиссер Гай Хэмилтон 93 жасында қайтыс болды. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Ол көпшілікке James Bond киносы арқылы танылған. Осыған дейін 20-дан астам фильм түсірді. Оның төртеуі белгілі суперагент жайлы. "Алтын қарулы адам" (The man with the golden gun), "Голдфингер" (Goldfinger), "Тек қана гауһар тас" (Diamonds are forever) туындылары көпшіліктің ықыласына бөленген.

Гай Хэмилтон 1922 жылы Парижде туған. 1938-1939 жылдары Ницца қаласындағы "Викторин" киностудиясында білім алды. Осы жерде режиссер Жюльен Дювивьемен танысып, көмекшісі болып қызмет еткен.

"Мануэль" (Manuel) фильмі үшін "Алтын аю", "Ұрлықшының ісі" (A touch of larceny) туындысы арқылы BAFTA сыйлықтарын жеңіп алған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!